08.09.2022, 16:38
Оқиғалар
Абай облысында дала өрті тіркелді
Өрт алаңы анықталып жатыр
Абай облысының Аягөз ауданында дала өрті тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Semeynews.kz сайтына сілтеме жасап.
Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, соңғы екі тәулікте Аягөз ауданында дала өрттері тіркелді.
“Аягөз ауданында шыққан дала өрттерінің екеуі толық сөндірілді. Бүгін сағат 9:10-да Аягөз ауданының Баршатас ауылдық округінде құрғақ дала шөптері өртеніп жатыр. Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт сөндіру және жергілікті атқаруы органдардың қыметкерлері өртті сөндіруде. Өрт алаңы анықталып жатыр”, – делінген ведомство хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін өңірдің бес ауданында дала өрттерімен күрес жүріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Көп оқылған
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады