$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.08.2022, 11:14
Оқиғалар

Талдықорғанда көпқабатты үйдің жанынан 23 жастағы қыздың мәйіті табылды

Полицейлер марқұмның  жергілікті тұрғын екенін анықтады.

Талдықорғанда көпқабатты үйдің жанынан 23 жастағы қыздың мәйіті табылды

Талдықорғанда көпқабатты үйдің жанынан 23 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдықорғанда 25 тамыз күні кешкісін құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің жанынан жас қыздың мәйіті табылғаны хабарланды. Полицейлер марқұмның 23 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтады.

«Болжам бойынша, бойжеткен биіктен секіріп, өзіне қол жұмсаған. Оны өзіне қол жұмсауға итермелеген мән-жайлар мен себептер анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер марқұм қыздың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Серіктес жаңалықтары