25.08.2022, 16:42
Оқиғалар
БҚО-да «Қазпошта» қызметкерлері жылдар бойы ақша ұрлап келген
Олар барлығы 37 миллион теңгеден астам ақша ұрлаған
Фото: tengrinews.kz
Қаржылық мониторинг агенттігінің БҚО бойынша департаменті «Қазпошта» АҚ пошта бөлімшесінің екі қызметкерінің ЖШС бірінің шотына өткізген ақшасын 4 жыл бойы ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ведомствоның хабарлауынша, барлығы 37 миллион теңгеден астам ақша ұрланған.
«Сонымен қатар олар 2013-2020 жылдар ішінде құжаттарды қолдан жасау арқылы зейнеткердің 1,2 млн теңгедан астам қаражатын иемденіп алған», - делінген агенттік хабарламасында.
Операторлар 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға қаржылық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынады.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)