$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.08.2022, 16:17
Оқиғалар

БҚО-да жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен студенттің мәйіті табылды

4 күн бұрын жоғалып кеткен Ерасыл Төлеуғалидің денесі өзеннен табылған

БҚО-да жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен студенттің мәйіті табылды

Батыс Қазақстан облысында 4 күн бұрын жоғалып кеткен Ерасыл Төлеуғалидің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, 18 жастағы студенттің денесі өзен суынан табылған.

«25 тамызда Ерасыл Төлеуғалидің денесін сүңгуірлер Жайық өзенінен тапты. Ол суға кимімен түскен», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, колледждің 3-курс студенті Ерасыл Төлеуғали демалыс кезінде Ақжайық ауданындағы туыстарына барып, үй шаруасына көмектесуді ұйғарған. Студент жігіт Базаршолан ауылының жанындағы Қыдырбай қыстауында болған. Алайда 21 тамызда қыстаудағы шөп өртеніп, Ерасыл туыстарымен бірге малды алысырақ айдауға алып шыққан. Артынан інілерін үйге қайтарған ол сол күйі қайтып келмеген.

Жігіт 25 тамызда Оралға оралуы керек болған.

Серіктес жаңалықтары