БҚО-да жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен студент жігіт іздестіріліп жатыр
Ерасыл Төлеуғали 4 күннен бері табылмай жатыр

БҚО-да осыдан төрт күн бұрын үйінен кетіп қалған Ерасыл Төлеуғали сол күйі қайтып оралмаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мой город» порталының жазуынша, Орал қаласының тұрғыны Жанат Хамидуллина 18 жастағы ұлы Ерасыл Төлеуғалидің колледждің 3-курс студенті екенін, демалыс кезінде Ақжайық ауданындағы туыстарына барып, үй шаруасына көмектесуді ұйғарғанын айтады. Студент жігіт Базаршолан ауылының жанындағы Қыдырбай қыстауында болған.
«Жексенбі, яғни 21 тамыз күні қорадан өрт шығып, шөп жанып кетеді. Қайынағам ұлдары мен Ерасылға малды алысырақ айдап жіберуді бұйырады. Балалар солай істейді, содан кейін Ерасыл інілеріне үйге қайтуды бұйырады да біреумен сөйлесуім керек деп өзен жағасында қалады. Содан кейін оны ешкім көрмеген. Туыстарымыз оны бірден іздеуге кіріскенімен, еш нәтиже шықпаған. Ол бәлкім, әлденелен қорыққан шығар, мүмкін, өрттен кейін есеңгіреп қалған шығар. Бұрын Ерасыл үйден ескертусіз шықпайтын. Өзі ашық, ақкөңіл бала, ешқашан ренжітпейтін», – дейді Жанат Хамидуллина.
Ерасыл 25 тамызда қалаға оралуы керек еді, қазір полицейлер жігітті іздеп жатыр. Жоғалған күні жас жігіт телефонын үйінде қалдырып кеткен. Үстінде қара спорттық киім, футболка және көк аяқ киім киген. Туған-туыстары Ерасылдың қайда екені туралы қандай да бір мәлімет білетін болса, дереу 8 702 378 02 66, 8 702 924 05 84, 8 747 114 38 76, 8 747 621 87 79 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.