24.08.2022, 15:33
Оқиғалар
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты
Қайғылы оқиға 24 тамызға қараған түні Шалқар ауданында болған
Фото: Ақтөбе облыстық ПД
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 24 тамызға қараған түні шамамен сағат 00.50-де Шалқар – Ырғыз автожолының 91-шақырымында болған.
«Toyota Estima автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, аударылып кеткен. Жол көлік оқиғасы салдарынан алған жарақатынан үш адам оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ төрт адам Шалқар қаласының орталық ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламада.
Полиция өкілдері жол қозғалысына қатысушылардан сақ болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)