24.08.2022, 16:24
Оқиғалар
Оралда екі жұмысшы кәріз құдығында суға тұншығып қайтыс болды
Олар жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан
Фото: mgorod.kz
Оралда «Батыс су арнасы» кәсіпорнының екі бірдей қызмкеткері кәріз құдығындағы суға тұншығып қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қайғылы оқиға Исатай-Махамбет көшесінің бойындағы кәріздік сорғы станциясында күндізгі сағат 11 шамасында болды. Қаза болған жұмысшылардың бірі 40, ал екіншісі 49 жаста. Олар осы жерде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан.
Алдын ала болжам бойынша, құбырда кенет ақау шығып, станция ағын суға толып кеткен. Кәсіпорын басшылығы қайтыс болғандардың отбасына көмек көрсетілетінін айтты. Қаза тапқан жұмысшылардың бірінің артында үш кішкентай баласы қалған.
Қазір құзырлы орган өкілдері қайғылы оқиғаның себептерін анықтап жатыр.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 09:00
Үй саламын деп елден 4 млрд теңге жинап алған, Ақтөбедегі жантүршігерлік жағдай: демалыс күндері ел назарын аударған оқиғалар
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды