23.08.2022, 16:11
Оқиғалар
Екібастұзда су астынан балық аулаған ер адам табылмай жатыр
Қайғылы оқиға Ащыкөл көлінде болды
Фото: ашық дереккөзден
Екібастұзда су астынан балық аулаған ер адам табылмай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Екібастұз қаласында екі балықшы су астында балық аулаған. Олардың бірі - 1959 жылы туған ер адам кезекті рет суға жүкпен кіргеннен кейін қайтадан жүзіп шықпаған», - дейді еріктілер.
Қайғылы оқиға Ащыкөл көлінде болды.
Кешеден бері басталған іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Іздеу шараларына «VITA» еріктілері мен жоғалған азаматтың туыстары, төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері қатысып жатыр.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)