$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.08.2022, 09:55
Оқиғалар

Алматы тұрғыны үйінің ауласында 24 келі марихуана өсірген

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Алматы тұрғыны үйінің ауласында 24 келі марихуана өсірген

Алматылық ер адам үйдің ауласында 24 келі марихуана өсірген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Республикалық “Қарасора” іс-шарасы аясында Медеу ауданындағы үйлердің бірінде 57 жастағы Г.есімді азамат ұсталды.

«Күдіктінің үйінен рұқсат етілген тінту кезінде жалпы салмағы 23 келіден асатын марихуана есірткісі табылып, тәркіленді. Үйдің іргесіндегі аумақтан да өзі өсірген 6 түп қарасора табылды», – дейді Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Мәулен Қасымжан.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тергеу ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) сәйкес қосымша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары