18.08.2022, 10:28
Оқиғалар
Алматыда көшеде 28 жастағы әйелді ұрып-соғып қашып кеткен ер адам ұсталды
Қазіргі кезде қылмыстық іс «Бұзақылық» бабы бойынша тергеліп жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Алматыда 28 жастағы әйелге шабуыл жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
«Ол - Алматы облысының тұрғыны, 1986 жылы туған К. есімді азамат. Күдікті Медеу ауданындағы бау-бақша серіктестігінің аумағында әйелді негізсіз ұрып-соққан», - делінген ПД хабарламасында.
Белгілі болғандай, қазіргі кезде қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тергеліп жатыр.
Айта кетсек, 17 тамызда түнде 28 жастағы алматылық келіншекке үйінің маңында бейтаныс адам шабуыл жасап, басынан қан шыққанша аямай ұрып-соққан. Артынша оқиға орнынан қашып кеткен.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды