Қызылорда облысында жол апаты болып, бір адам қаза тапты
Оқиға Самара-Шымкент жолында болды
Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
17 тамызда Самара-Шымкент жолының 1945/321 шақырымында Шиелі ауданы, Еңбекші ауылының тұсында КамАЗ жүк автокөлігінің тіркемесіне бір бағытта келе жатқан Audi автокөлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факт ҚР ҚК-нің 345- бабының 3-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) СДТТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды, белгіленбеген жылдамдықты шамадан тыс асырмауды, қарсы қозғалыс жолағына шықпауды ескертеді.