$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.08.2022, 13:07
Оқиғалар

Нұр-Сұлтанда мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері мен полицейлер қамауға алынды

Олардың заңсыз әрекеттерге қатысы бар екені анықталды

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері мен полиция қызметкерлерін мемлекеттік тіркеуден өткен көлік құралдарын тіркеу кезінде заңсыз баюдың қылмыстық схемасын әшкерелеп, жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағанай, тергеу барысында Нұр-Сұлтан қаласының №2 арнаулы халыққа қызмет көрсету орталығының маманының және Алматы облысы бойынша ДПП Процессинг орталығының мемлекеттік автоинспекторының заңсыз әрекеттерге қатысы бар екені анықталды.

«Аталған тұлғалар жүйелі негізде көлік құралдарын, оның ішінде шет мемлекеттерден әкелінген көлік құралдарын кәдеге жарату төлемін және бюджетке көзделген басқа да төлемдерді төлемей, жүйелі түрде ақшалай сыйақыға заңсыз тіркеген», - делінген агенттік хабарламасында.

Осы жылдың 14 тамызында тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

«Тергеудің осы кезеңінде республика бойынша көлік құралдарын заңсыз тіркеудің 500-ге жуық фактісі анықталып, осыған байланысты Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің және басқа өңірлерден полиция қызметкерлерінің қатысуы тексеріліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындысы бойынша барлық қатысы бар тұлғаларға құқықтық баға беріледі. Тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат жария етілмейді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары