$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.08.2022, 14:35
Оқиғалар

Теміртауда тұрғын үйде жарылыс болып, бір адам зардап шекті

Оқиға орнында облыстық ТЖД өкілдері жұмыс істеп жатыр

Теміртауда тұрғын үйде жарылыс болып, бір адам зардап шекті
Коллаж: Azattyq Ruhy

Бүгін Теміртауда тұрғын үй ішінде жарылыс болып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 12 тамызда сағат қаладағы Металургов даңғылындағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасының тұтануы саларынан бөлмеаралық қабырғалар құлап, 2 және 3-қабаттар қирап қалған.

«Жарылыс салдарынан үш пәтер бүлінген. Подъездегі барлық тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланды. 53 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 7-і - бала. 1989 жылы туған пәтер иесі зардап шекті және Теміртау қалалық ауруханасына жатқызылды», - делінген ТЖД хабарламасында.

Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖ департаментінің 22 қызметкері мен 7 техникасы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Вадим Басин, Теміртау қаласының әкімі және барлық шұғыл қызмет өкілдері оқиға орнына жетті.

Төтенше оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел штаб құрылды.

Серіктес жаңалықтары