15.08.2022, 12:39
Оқиғалар
Екібастұзда жолдан дұрыс өтпеген әйелді көлік қағып кетті
Жол-апатына қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Екібастұзда жолдан дұрыс өтпеген әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ryhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 тамыз күні сағат 11:45-те М.Жүсіп - Абай көшелерінің қиылысында «Audi 80» көлігінің 44 жастағы жүргізушісі жолдың тыйым салынған бөлігінен өтіп бара жатқан 46 жастағы әйелді қағып кеткен.
«Жол апаты салдарынан түрлі дене жарақаттарын алған тұрғын ауруханаға жатқызылды», - деді департаментте.
Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасына қатысты сараптама жасауды тапсырды.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды