15.08.2022, 12:18
Оқиғалар
Өскеменде 29 жастағы жігіт Ертіс өзеніне батып кетті
Қайғылы оқиға 14 тамызда болған
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Өскеменде 29 жастағы жігіт Ертіс өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 14 тамызда болған.
«Төтенше жағдайлар қызметіне 1993 жылы туған ер адамның рұқсат етілмеген жерде суға батып кеткені хабарланды. Достарымен суға түсуге келген ер адам алысқа жүзіп кетіп, судан шыға алмай қалған. Достары көмекке ұмтылғанымен, оны аман алып қала алмаған», - деді ШҚО ТЖД өкілдері.
Сүңгуірлер марқұмның денесін тек бүгін, 15 тамызда жағадан 20 метр қашықтан таба алды.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды