$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін»: алматылықтар тағы алданды

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны 25-тен астам адамды алдап үлгерген

«Мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін»: алматылықтар тағы алданды
Фото: zakon.kz

55 жастағы келіншек алматылықтарды мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер, кепілсіз қолма-қол несие және кепілде тұрған автокөліктерді сатып алуға көмектесемін деп алдап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны 25-тен астам адамды алдап үлгерген. Келтірілген шығын есептелініп жатыр.

«Күдіктінің 2019 жылдан бері қала тұрғындарын алдап келгені анықталды. Алдын ала төлем сомасы «қызметіне» байланысты өзгеріп отырды: көлік «сатып алушыдан» 1 миллион 100 000 теңге сұраса, пәтер сатып алу үшін 3,5 миллион теңгеден алған. Қазіргі уақытта тергеу 25 эпизодты анықтады. Қылмыстық істер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша бір өндіріске біріктірілді», - деп мәлімдеді Алматы қаласының Полиция департаменті.

Белгілі болғандай, күдікті 2006 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 8 жылға сотталған екен. Ал жазасын өтегеннен кейін ол алаяқтық әрекеттер жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта тараптардың бетпе-бет жүздесуі және басқа да тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары