Алматы облысындағы сарбаз өлімі: оқиға орнынан суреттер жарияланды

Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 9 тамыз күні қатты дауыл кезінде болған

Алматы облысында Ұлттық ұланның сарбазы қаза тапқан орынның фотосуреттері жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қайғылы оқиға 9 тамыз күні қатты дауыл кезінде болған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 5574 әскери бөлімінің оқу орталығында далалы жерде болған оқу-жаттығу кезінде дауыл соққан. Қатардағы жауынгер А.Н. Шахимов әріптестерін қауіпсіз жерге эвакуациялауға көмектесіп жүріп, шатырдың металл жақтауына соғылып, басынан ауыр жарақат алған.

Тақырыпқа орай: Алматы облысында Ұлттық ұланның сарбазы қаза тапты

Алғашқы медициналық көмек жедел көрсетіліп, Қонаев қаласының қалалық ауруханасына жеткізілгенімен, сарбаз алған жарақаты салдарынан қайтыс болды.

2003 жылы туған А.Н. Шахимов әскерге 2022 жылдың көктемінде Ақмола облысының Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті арқылы шақырылған.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.