$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.08.2022, 17:58
Оқиғалар

Павлодарда жұбайына маза бермеген ер адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

Жыл басынан бері отбасылық жанжалдаушыларға қатысты 3652 қорғау ұйғарымы шығарылған

Павлодарда жұбайына маза бермеген ер адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді
Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда жұбайына маза бермеген ер адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, «102» операторының пультіне 59 жастағы әйел бірге тұратын ер адамның ішіп алып, былапыт сөздер айтқаны жайлы шағымданған. 

"Қазіргі уақытта полицейлер материал жинап, аталған құқық бұзушы мәжбүрлеп емдеуге жіберілді", - дейді департаментте.

Сондай-ақ 31 жастағы  әйелдің 55 жастағы күйеуіне қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды. Полицейлер келіншектің жолдасымен профилактикалық әңгіме өткізді. 

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында 53 қылмыс жасалды, бұл барлық тіркелген қылмыстардың 2,7%-ын құрайды. «102» операторының пультіне отбасылық сипаттағы 5132 өтініш түскен, оның ішінде 3135 ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Серіктес жаңалықтары