ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 115 адамнан коронавирус анықталды

Асқар Ақаевтың ұлы мен жиені қайтыс болды

Айдар Ақаевтың жүрегі тоқтап қалған 

Фото: Асқар Ақаевтың ұлы Айдар Ақаев

Мәскеуде Қырғыз Республикасының тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың ұлы - Айдар Ақаев қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі 24.kg ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы Ақаевтың жақындары хабарлаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 5 ақпан күні 44 жастағы Айдар Ақаевтың кенеттен жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Қайғылы хабардың артынша Ақаевтар отбасындағы тағы бір қаза туралы хабар тарады. Асқар Ақаевтың жиені Құбан Ақаев та аурудан қайтыс болған.

Қырғыздың бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жерлеу рәсімі 5 ақпан күні өткен.

Еске сала кетейік, Асқар Ақаевтың төрт баласы бар – Бермет, Айдар, Саадат және Илим. Ақаевтар отбасы Мәскеуге көшкеннен кейін Айдар бизнеспен айналысқан. Оның артында әйелі мен екі баласы қалды.