04.08.2022, 17:13
Оқиғалар
Ақтауда үш жігіт суға батып кетті
Оқиға кеше «Дунга» мұнай компаниясының сорғы станциясында болған
Фото: ашық дереккөзден
Ақтаудан 43 шақырым Каспий теңізінің жағалауында «Дунга» мұнай компаниясының сорғы станциясы ауданында үш адам суға батып көз жұмды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«3 тамызда сағат 16:38-де Түпқараған ауданы «Дунга» мұнай компаниясының сорғы станциясы ауданында 3 адамның суға батқаны туралы хабарлама келіп түсті. Сол жердегі тұрғындар 31 жастағы ер адамды құтқарған. Бірақ ол ауруханаға жетпей, жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Ал құтқарушылар 35 және 31 жастағы азаматтардың мәйітін судан алып шықты», - делінген ақпаратта.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 16:42
«Үйімізге 22 жыл бұрын күннің нұры келіп еді»: марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы 11 қарашаны қарындасын еске алу күні деп бекітпек
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды