$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.08.2022, 09:21
Оқиғалар

Павлодарда салынып жатқан ғимараттың төбесі жанып кетті

Алдын ала болжам бойынша, өрттің  шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған

Павлодарда салынып жатқан ғимараттың төбесі жанып кетті
Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда салынып жатқан ғимараттың төбесі жанып кетті, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 тамыз күні сағат 11.30-да Малайсары батыр көшесі, 19/1 мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру қызметі бөлімшелері келгенде жеке аумақта алаңы 100 шаршы метр пескоблоктан салынып жатқан бір қабатты ғимараттың төбесінің ағаш құрылымдары жанып жатқанын анықтаған. 

"Қарауыл бастығы өрт орнынан 27 литрлік бір газ баллонын   эвакуациялады. Жоғары температураның әсерінен жеке үйдің 4 пластикалық терезесі балқып кетті. Иесі 1987 жылғы азаматша", - дейді департаментте. 

Тілсіз  жау сағат 11:59 -да  сөндірілді. Өртті сөндіруге Павлодар облысы ТЖД  өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 17 адам және 4 техника жұмылдырылды.
 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Павлодар #өрт