$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.07.2022, 09:33
Оқиғалар

Мәскеуде жатақханадан шыққан өрттен 8 мигрант қаза тапты

Олардың қай елдің азаматтары екенін анықталып жатыр

Мәскеуде жатақханадан шыққан өрттен 8 мигрант қаза тапты

Мәскеуде Алматы көшесіндегі жатақханадан шыққан өрттен сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Алматы көшесі, 7 корпус, 2 ғимараттан өрт шығып, артынша 8 адамның денесі табылды, үш адамды дәрігерлер тексеріп жатыр. Қайтыс болғандардың бәрі мигрант болған. Олардың қай елдің азаматы екенін анықталып жатыр. Өрт үйіндісін тексеру жұмыстары жалғасып жатыр», - делінген елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Өрт 16 қабатты үйдің бірінші қабатынан шығып, 150 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Өрт сағат 00:47-де сөндірілді», - деп толықтырды ведомстводан.

Оқиға орнына Ресейдің ТЖМ Орталық аппаратының комиссиясы жіберілген. Өрттен тағы 4 адам зардап шеккені анықталды.

Қазіргі кезде Тергеу комитетінің тергеушілері мен криминологтары оқиға орнын тексеруге кірісті. Өрттің нақты себебін анықтау үшін өрт-техникалық сараптама тағайындалады.

Өрттің алдын ала себебі электр сымының қысқа тұйықталуынан болған. Жатақхананың үй-жайлары екі қабатты кереуеттер қойылған казармаға ұқсаған. Ал терезелерге орнатылған торлар өрт кезінде қашып шығуға еш мүмкіндік қалдырмаған.

Серіктес жаңалықтары