$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.07.2022, 09:16
Оқиғалар

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам зардап шекті

Қазір аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам зардап шекті
Фото: ашық дереккөзден

Жедел жәрдем станциясы  өткен тәулікте бірден бірнеше қоңырауға қызмет көрсетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 шілдеде Павлодар - Маралды тас жолында жеңіл автокөлік жыраға ұшып кеткен. 

«Медициналық бригада қоңырау шалғаннан кейін 9 минут өткен соң оқиға орнына жетті. Өкінішке орай, дәрігерлер өмірге сәйкес келмейтін жарақат алған 21 жастағы қыздың қайтыс болғанын анықтады», - деді  станцияда.

Тағы бір жол-көлік оқиғасы Екібастұз бен Солнечный кенті арасындағы жолда орын алды. Екі көлік соқтығысқан сәтте көлікте бес адам болған, олардың үшеуі медициналық тексеруден бас тартты. 

Зардап шеккен 15 жасар қыз және 68 жастағы әйел түрлі жарақаттармен Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.

жолында тағы бір жол-көлік апатынан 8 адам зардап шекті. Екі автокөлік пен автобус соқтығысқан жерге үш жедел жәрдем көлігі жіберіліп, сегіз минутта оқиға орнына жетті. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін 8 және 10 жастағы екі бала, 20 жастағы жігіт және 24-56 жас аралығындағы бес әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.

Облыстық жедел жәрдем станциясында Павлодар облысының тұрғындарына жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін сақтау қажеттілігі туралы еске салады.

  

Серіктес жаңалықтары