$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.02.2020, 05:55
Оқиғалар

Ақтауда ер адам оқушы қызды қорқытып, үйіне кіріп алмақ болған

Қыздың анасы оның тек айыппұлмен құтылғанына наразы

Ақтауда ер адам оқушы қызды қорқытып, үйіне кіріп алмақ болған
Фото: ашық дереккөзден

Ақтау тұрғыны полицияға хабарласып, мас ер адамның қызын қорқытып, үйге кіріп алмақ болғанын хабарлаған. Әйел полиция ер адамды ұстағанымен, айыппұл салғаннан кейін оны босатып жібергеніне наразы, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі inAktau.kz басылымына сілтеме жасап.

Әйелдің айтуынша, 4 ақпан күні түнде мас күйдегі ер адам үйдің есігін қаққан. Әйел терезеден айғайлап, оны қуып жіберген. Ал таңертең сағат он кезінде жұмыста отырғанда 11 жастағы қызы хабарласып, ер адамның есікті ашуды талап етіп жатқанын айтқан. Әйел бірден полиция шақырған.

Полиция ер адамды ұстап, оған айыппұл жазып берген. Оның не үшін қызды қорқытқаны белгісіз. 

«Оқиғаның немен аяқталуы мүмкін екенін елестетудің өзі қиын. Ол тек айыппұлмен құтылды. Мен балаларымызды қорғау үшін мұндай адамдарға жазаны күшейтуді сұраймын», - дейді қыздың анасы.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ақтау #полиция