$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.07.2022, 17:23
Оқиғалар

Өскеменде есепші кәсіпорынның 13 млн теңгесін ұрлап алған

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары басталды

Өскеменде есепші кәсіпорынның 13 млн теңгесін ұрлап алған
Фото: ашық дереккөзден

Өскеменде 50 жастағы әйел қызмет бабын пайдаланып, 2020-2021 жылдары кассадан 13 миллионнан астам теңгені жымқырып қалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ШҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, полиция бөліміне хабарласқан ЖШС өкілі кәсіпорын есепшісінің жалпы сомасы 13 млн 485 мың теңгені иемденіп кеткенін айтып, шағымданған.

«Өскемен қаласының тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шарасы барысында 50 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі «Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденіп алу немесе пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған бап бойынша айыпталушының дүние-мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге жазаланады.

Серіктес жаңалықтары