$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.07.2022, 11:23
Оқиғалар

Ақтауда үрлемелі матрастағы 6 адамды қатты жел ашық теңізге алып кетті

1998 және 2004 жылы туған екі ересек адам мен 2008, 2015, 2020 және 2021 жылдары туған төрт бала құтқарылды

Ақтауда үрлемелі матрастағы 6 адамды қатты жел ашық теңізге алып кетті
Фото: Маңғыстау облыстық ТЖД

Ақтауда үрлемелі матраста отырған бір отбасының алты адамын қатты ашық теңізге алып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері құтқару операциясын жүргізіп, екі ересек пен төрт баланы жағаға қайтарып үлгерді.

«Төтенше жағдай 18 шілдеде Ақтаудағы «Солдатский» жағажайының жағалауында болған. Үрлемелі матрас үстінде демалып жатқан алты адамнан тұратын отбасыны қатты жел теңізге ағызып әкеткен. 1998 және 2004 жылы туған екі ересек адам мен 2008, 2015, 2020 және 2021 жылдары туған төрт бала құтқарылды», - делінген ТЖД хабарламасында.

Олардың барлығы аман-есен құрғаққа жеткізілді және медициналық көмекті қажет етпеген.

Серіктес жаңалықтары