Семейде синтетикалық есірткі сақтаған 38 жастағы ер адам ұсталды
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Семейде синтетикалық есірткі сақтаған 38 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Семей қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, маусым айының ортасында «Қарасора-2022» жедел алдын алу шарасы аясында экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен бірге 38 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
«Санкцияланған жеке тінту жүргізу барысында шортының сол қалтасынан пластикалық қорап табылып, тәркіленді, оның ішінде ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ зат болды. Сондай-ақ ұсталған азаматтың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді, оның балконынан ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар полиэтилен түйіншегі табылды», - деді Семей қалалық ПБ бастығы, полиция полковнигі Ернар Базаров.
Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат психотроптық зат, жалпы салмағы - 0,21 грамм. Жауап алу кезінде ер адам өз кінәсін мойындамады.
«Оған қатысты іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы келу туралы міндеттеме түрінде таңдалды. Аталған фактіге қатысты296-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Ернар Базаров.