$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.07.2022, 12:29
Оқиғалар

Алматы облысында мас ер адам кішкентай қызды таспен ұрып, басын жарған

Қазіргі кезде 8 жасар қыз бала облыстық балалар ауруханасында жатыр

Алматы облысында мас ер адам кішкентай қызды таспен ұрып, басын жарған
Фото: @dinatansari

Алматы облысында мас ер адам таспен ұрып, кішкентай қыздың басын жарған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 10 шілде күні болған.

Белгілі болғандай, бала-шағалы отбасы демалу үшін Алакөлге барып, жағалаудан пансионат іздеген. Жолда Ақши ауылында белгісіз мас адам олардың көлігіне тас лақтырған. Соның салдарынан 8 жасар қыз басынан ауыр жарақат алған.

«Ұйымдастырылған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында демалушылардың бірі ұсталды, ол Жаркент қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол өз әркетін мас күйде істегенін айтты. Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында құқық бұзушыға қатысты «келуге міндетті» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Іс бойынша барлық тергеу әрекеті облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта кішкентай қыз облыстық балалар ауруханасында жатыр.

Серіктес жаңалықтары