Алматыда дезинфекциялық заттарды заңсыз шығарып келгендер ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Контрафактілік тауардан келген шығын сомасы 20 млн теңгеден асады

Фото: alterhimpro.ru

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен ірі көлемде «Септохим» маркалы контрафактілік дезинфекциялық заттарды заңсыз дайындау және сату фактісі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жедел іздестіру шаралары барысында аталған өнімді заңсыз өндірген тұлғалар ұсталып, кәсіпорынның кеңсесі мен өндірістік цехы анықталды. Іздестіру шаралары нәтижесінде әрқайсысының сыйымдылығы 5 литрлік 300-ден астам бөтелке табылып, тәркіленді.

«Заңсыз өндірілген және өткізілген контрафактілік «Септохим» маркалы дезинфекциялық заттардан келтірілген материалдық залалдың сомасы 20 млн теңгеден асады», - делінген агенттіктің баспасөз хабарламасында.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.