$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.02.2020, 01:56
Оқиғалар

Шымкентте пара алған полицей 8 млн теңге айыппұл төлейді

Ол алаяқтық және қару-жарақтың заңсыз айналымы үшін кінәлі деп танылды

Шымкентте пара алған полицей 8 млн теңге айыппұл төлейді
Фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласындағы полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының жедел уәкілі алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қалалық полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының жедел әзірлемелер және арнайы іс-шаралар тобының жедел уәкілі Ф. Шәріпбайұлына қатысты тергеу жүргізді.

«Жедел уәкіл Шымкент қаласы жол полициясы сержантынан медициналық куәландырудың оң қорытындысын алуға көмек көрсеткені үшін және қызметтен босатпағаны үшін 400 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алды деп айыптады. Сонымен қатар, Ф. Шәріпбайұлы ұсталған кезде, оның автокөлігін тінту барысында 9 мм калибрлі «STREAMER-1014» газ тапаншасы табылды», - делінген хабарламада.

30 қаңтарда Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Ф. Шәріпбайұлы алаяқтық және қару-жарақтың заңсыз айналымы үшін кінәлі деп танылып, оған 8 млн теңге айыппұл салынды. Ол «капитан» арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды. 

Серіктес жаңалықтары