Құлсарыда ауыз су бағасын негізсіз көтеріп, аса көп ақша жымқырған басшы сотталды
Кәсіпорын басшысы мемлкетке 126 млн теңге залал келтірген
Құлсары қаласы мен Жаңа Қаратон халқына сумен жабдықтау қызметтеріне бекітілген тарифтер 54,4 пайызға төмендетілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім еткендей, Атырау облысы «Жылыойсу» МКК директоры Алагузов 2019 жылдың наурыз айынан бастап 2021 жылдың наурыз айына дейін монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, Құлсары қаласы халқына сумен жабдықтау және канализациялық қызметтің тарифтерін негізсіз көтерген.
«Ол қаражатты аса ірі мөлшерде жымқырып, 126 млн теңге залал келтірген. Тергеу кезінде аталған залал мөлшері толығымен мемлекетке қайтарылды.
Сондай-ақ тергеу кезінде Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон халқына сумен жабдықтау қызметтеріне бекітілген тарифтер 54,4 пайызға төмендетілді», - делінген хабарламада.
Сот үкімен аталған кәсіпорын басшысы кінәлі деп танылып, мемлекеттік мекемелерде материалдық жауаптылығы бар басшы қызметімен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабының талаптарына сай, тағайындалған жаза шартты деп есептеледі.