$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.07.2022, 12:08
Оқиғалар

Шымкентте ер адам қайырымдылық қорының 60 дүкендегі ақша жәшігін үптеп кеткен

Алаяқ жігіт жалдамалы пәтерінде қолға түсіп, қамауға алынды

Шымкентте ер адам қайырымдылық қорының 60 дүкендегі ақша жәшігін үптеп кеткен
Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте қайырымдылық қорының мүшесімін деп 60 дүкеннен ақша жымқырған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бөтеннің сеніміне кіру арқылы алдап, алаяқтық әрекетін іске асыратындар қатары көбейген. Шымкент қаласының полицейлері осындай оңай жолмен ақша табатын алаяқты құрықтады.

«Абай аудандық полиция бөліміне 102 сымтетігі арқылы қайырымдылық қорының өкілі арызданған. Ол өз шағымында қордың атын жамылған белгісіз азаматтың 60 сауда нүктесінде орналасқан жәшіктердегі қаражатты заңсыз жолмен иеленгенін көрсетті. Яғни, ол сатушыларға өзін аталған мекеменің қызметкері ретінде таныстырып, сеніміне кіру арқылы 300 000 теңгеге жуық қаржыны жымқырып кеткен», - дейді ПД өкілдері.

Шағым түскен сәттен бастап, тәртіп сақшылары жедел іздестіру жұмыстарына кірісті. Іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті жалдамалы пәтердің бірінен ұсталып, қамауға алынды.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары