Қастандық жасалды: Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ қайтыс болды
Бүгін таңертең Синдзо Абэге қастандық жасалған болатын
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ қастандық жасалған соң есін жимаған күйі қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы жапондық ақпара құралдары хабарлады. Әлемдік саясаткер 67 жаста болатын.
Еске салайық, 2022 жылдың 8 шілдесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да Нара қаласында Синдзо Абэге қастандық жасалған болатын. Ашық далада сөз сөйлеп тұрған Абэге белгісіз біреу оқ атқан. Оқ тиіп, есінен танған Синдзо Абэ қансыраған күйде ауруханаға жеткізілді.
Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Жапонияның бұрынғы премьер-министрі оқ тиген соң ес жимаған күйі біраз уақыт жансақтау бөлімінде жатқан.
Аталған оқиғаға байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Синдзо Абэнің тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін білдіріп, бұл қастандықты Қазақстан жұртшылығы ауыр қабылдағанын айтқан болатын.