08.07.2022, 13:53
Оқиғалар
Ақтөбе облысында екі көлік соқтығысты
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам ауруханаға түсті
Ақтөбе облысында екі көлік соқтығысты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысында 7 шілде күні сағат 23:40 шамасында Toyota Ipsum автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы жағынан Жарқамыс кенті бағытында келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, УАЗ автокөлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Toyota Ipsum автокөлігінің екі жолаушысы Байғанин ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады, бұл жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген