$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.07.2022, 17:05
Оқиғалар

Талғарда өзенге құлап қаза тапқан альпинист әйелдің денесі табылды

Қайғылы оқиға кешкі сағат 19.30 шамасында болған

Талғарда өзенге құлап қаза тапқан альпинист әйелдің денесі табылды
Фото: Алматы облыстық ТЖД

Талғар тауларында өзенге құлап қаза тапқан альпинист әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға кешкі сағат 19.30 шамасында болған.

«6 шілдеде сағат 21:40-та Талғар ауданындағы Талғар өзенінде (Орта Талғар және Оң Талғар өзендерінің қосылған тұсы), ағаш көпірден өтіп бара жатып (арқан сүйеніштер, ұзындығы 8 м., ені 30 см.), 1982 жылғы әйел тепе-теңдігін жоғалтып, өзенге құлап кеткені және оны ағыс алып кеткені туралы хабарлама келіп түсті», - делінген ТЖД хабарламасында.

Іздестіру жұмыстарын Алматы облысының ТЖД қызметкерлері, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, полиция қызметкерлері, Алматы Мемлекеттік табиғи қорығының, Іле-Алатау МҰТП қызметкерлері және еріктілер жүргізген.

«7 шілде күні сағат 12.15-те Талғар өзенінде, құлаған жерден 10 шақырым жерде жоғалып кеткен әйелдің денесі табылып, судан шығарылды», - делінген хабарламада.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан таулы аймаққа жорық кезінде сақтық шараларын сақтауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары