$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматылық танымал кәсіпкер 7 жылға сотталды

Оған ірі көлемде қаржы жымқырды және алаяқтық жасады деген айып тағылды

Алматылық танымал кәсіпкер 7 жылға сотталды
Фото: instagram.com/almas_abdygapparov

Parmigiano Group мейрамханалар желісінің басшысы ретінде танылған кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаров 7 жылға сотталды. Бұл туралы Алматы қалалық сот баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оған ірі көлемде қаржы жымқырды және алаяқтық жасады деген айып тағылды.

«Алмас Әбдіғаппаров сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салғаны үшін айыпты деп танылды. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда 7 жыл өтейді. Сондай-ақ оған қаржылық ұйымдарда 5 жыл бойы басшылық қызметтер атқаруға тыйым салынады»,- деп хабарлады соттың бспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, Parmigiano Group компаниясының директоры Алмас Әбдіғаппаров былтыр шілдеде элиталық Esentai City Тұрғын үй кешенінде жылжымайтын мүлікті сатып алушыға тиесілі 418 640 000 теңгені меншіктеп алу ісі бойынша қамауға алынған болатын.

Серіктес жаңалықтары