30.06.2022, 13:52
Оқиғалар
ШҚО-да ер адам бірге тұратын әйелімен жанжалдасып, үйін өртеп жіберген
Келтірілген шығын шамамен 6 млн теңгеге бағаланды
Фото: ашық дереккөзден
ШҚО-да ер адам бірге тұратын әйелімен жанжалдасып, үйін өртеп жіберген, деп хабарлады Polisia.kz.
Маусым айының ортасында Өскемен қалалық ПБ Үлбі ПБ “102” жедел арнасына Тынышпаев көшесінде өрт басталғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Полиция оқиға орнына шығып, тексеру барысында 44 жастағы ер адам 48 жастағы бірге тұрған әйелімен жанжалдасып, кейін оның үйін қасақана өртегенін анықтады. Келтірілген шығын шамамен 6 млн теңгеге бағаланады.
Құқықтық тәртіп сақшыларының жедел іс-қимылдарының арқасында, қаскүнем ұсталды және полиция бөліміне жеткізілді, онда жауап алу кезінде кінәсін толық мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 202-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды