Атырауда із-түзсіз жоғалып кеткен 12 жастағы қыз екі күннен соң табылды
Қазіргі кезде аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр

Атырауда 27 маусым күні із-түзсіз жоғалып кеткен 12 жастағы қыз табылды., деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2010 жылы туған жасөспірім 29 маусым күні сағат 18.00-де табылған.
«Ата-анасымен бірге Атырау полиция бөліміне жеткізілген жасөспірім қыздың айтуынша, осы уақыт бойы құрбысының үйінде барып, туыстарын ескретуді ұмытып кеткен. Жасөспірімнің табылуына орай іздеу жұмыстары тоқтатылды», - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі кезде аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.
Тақырыпқа орай: Атырауда із-түзсіз жоғалып кеткен 12 жастағы қыз іздестіріліп жатыр
Еске салсақ, бұған дейін 12 жастағы қыз баланың 27 маусым күні сағат 19:00 шамасында дүкенге барып, одан ары белгісіз бағытқа кеткенін, сол күйі із-түзсіз жоғалғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Бастапқыда анасы қызын әжесіне кетті деп ойласа, әжесі керісінше, анасының үйінде деп ойлаған. Бір күннен кейін алаңдаушылық білдірген туыстары жасөспірімнің жоғалғаны туралы полицияға хабарлаған. Туыстары мектеп оқушысының әдетте спорттық киім мен кроссовка киетінін, ал сол күні кенет ақ көйлек киіп шыққанын айтқан еді.