$ 492.17  522.39  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.06.2022, 09:55
Оқиғалар

Атырауда дизель отынын заңсыз сатып, 990 млн теңге пайдаға кенелген кәсіпкер сотталды

ЖШС директоры 3 мыңға жуық тонна дизель отынын сатқан

Атырауда дизель отынын заңсыз сатып, 990 млн теңге пайдаға кенелген кәсіпкер сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті «Азия ТЭГ» және «Евро-Азия ТЕМП» ЖШС-нің директорына қатысты іс тергеуін аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Агенттік мәліметінше, ЖШС басшысы 2021 жылы Жылыой ауданының аумағынан құжаттарсыз 3 мың тонна дизель отынын сатып алып, оны Маңғыстау облысына тасымалдап, барлығы 796,5 млн теңгеге өткізіп, заңсыз пайда түсірген.

«Сонымен қатар, аталған тұлға «Евро-Азия ТЕМП» ЖШС-нің директоры бола тұра, 2021 жылы Жылыой ауданының аумағынан құжаттарсыз 3 мыңға жуық тонна дизель отынын сатып алып, оны Маңғыстау облысына тасымалдап, барлығы 990 млн теңгеге өткізіп, заңсыз пайда түсірген», - делінген ведомство хабарламасында.

Сот үкімен аталған ЖШС басшысы кінәлі деп танылып, үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. «Рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңы негізінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы үштен бір бөлігіне қысқартылып, түпкілікті екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Серіктес жаңалықтары