Түркістанда үш баланың әкесі көршісінің 5 жасар ұлын зорлаған

Педофилдің баланы қалай қорқытқаны белгісіз, бүлдіршін болған жайды ата-анасына бірден айтпаған

 

Түркістанда үш баланың әкесі көршісінің 5 жасар ұлын зорлаған
Көрнекі сурет: nvdaily.ru

Жантүршігерлік оқиға өткен жылдың желтоқсан айында Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылында болған. Жақында педофилге үкім шығарылып, 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Экспресс К басылымының жазуынша, 35 жастағы жергілікті тұрғын, отбасылы адам, үш баланың әкесі жантүршігерлік қылмыс жасаған. Тергеу материалдарына сәйкес, ол 18 желтоқсанда көшеде көршісінің 5 жасар баласын көріп, оны кішкентай ұлымен ойнауға шақырып алады. Ойына еш жамандық келмеген бала көршімен бірге үйіне кіреді.

«Осылайша, баланы алдап үйіне әкелген соң оның дәрменсіздігін пайдаланып, арқасымен жатқызады да, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетеді», - деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Педофилдің баланы қалай қорқытқаны белгісіз, бірақ бүлдіршін болған жайды ата-анасына бірден айтпаған. Келесі күні ғана бала ішінің ауыратынын айтып шағымданғанда, анасы оны тексеруге апарған. Тек сонда ғана оның денесінен зорлық-зомбылық іздері анықталған. Содан кейін бала көршіснің үйіне қалай барғанын және соңында не болғанын айтып берген.

«Анасы дереу полицияға арызданған. Сараптама зорлық-зомбылық фактісін растап, үш баланың әкесіне қатысты кәмелетке толмаған балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілікті қарастыратын бап бойынша қылмыстық іс қозғады», - делінген хабарламада.

Тақырыпқа орай: Жатырын алып тастады: Түркістан облысында 8 жасар қызды өгей әкесі зорлаған

2022 жылдың 26 қаңтарында өткен сот отырысы барысында сотталушының кінәсі толық дәлелденді. Ер адам кінәсін өзі де жоққа шығармай, істеген ісіне өкінгенін айтқан. Сот барлық ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сотталушыны 20 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Сотталушы үкімді тым қатал деп санап, апелляциялық шағым түсіргендіктен қаулы заңды күшіне енген жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.