Қазығұртта бақташы өзіне сеніп тапсырылған малды сатып жіберген

Автор: Azattyq Rýhy

Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 1,3 млн теңге

Фото: ашық дереккөзден

Қазығұртта тұрғынның сеніп тапсырған малын сатып жіберген бақташы қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, мал бағумен айналысатын танысына құны 700 мың теңгенің құлынды биесін, 600 мың теңгенің жылқысын сеніп тапсырған. Екі айдай уақыт өткенде жәбірленуші малын түгендеуге барғанында жылқылары жоқ болып шыққан. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 1,3 млн теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-1-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тіркеуге алды.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында бақташы ер адамды ұстады. Сезікті жас жігіт сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жаратып жібергені анықталды.

Белгілі болғандай, күдікті ер адам мұндай әрекетке қаражат тапшылығына байланысты барған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.