$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.06.2022, 09:49
Оқиғалар

Семейде үш жасар бала терезеден құлап көз жұмды

Оқиға болған сәтте баланың анасы көрші бөлмеде отырған

Семейде үш жасар бала терезеден құлап көз жұмды
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Семейде алтыншы қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен үш жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 27 маусымда сағат 17:00 шамасында Панфилов көшесінде болған.

«2019 жылы туған бала алтыншы қабатта орналасқан пәтердің ашық терезесінен құлап мерт болды. Оқиға болған сәтте баланың анасы көрші бөлмеде отырған», - делінген ТЖД хабарламасында.

Ведомство осындай қайғылы жайттардың негізгі себептеріне тоқталды.

«Балалардың терезеден құлауына бұрынғыша: терезесі ашық бөлмелерде қараусыз қалдыру, терезеде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы блокатордың, шектегіштің және басқа құрылғылардың болмауы, жиһаздарды үстелдерді, орындықтарды, диванды терезенің жанына қою сияқты жағдайлар себеп болып отыр. Қауіпсіз болып көрінетін москитті торлар да басты қауіп көзі екенін тұрғындар елей бермейді», - деп ескертті ТЖД өкілдері.

Серіктес жаңалықтары