$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.06.2022, 11:35
Оқиғалар

Ақтау тұрғыны жұқпалы аурулар ауруханасында тышқан жүргенін айтып шағымданды

Ол кеміргіш жәндікті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген

Ақтау тұрғыны жұқпалы аурулар ауруханасының палатасында жүрген тышқанды суретке түсіріп, мекеме қызметкерлеріне көрсеткен. Алайда медқызметкерлер оның шағымынан қорытынды шығармақ түгілі, мән де бермеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғын Гүлжазираның айтуынша, ол ұлымен бірге 1А ықшам ауданындағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр. Олардан бөлек палатада тағы екі кішкентай бала бар екен. Алайда үш күннен бері палата жүрген тышқанның олардың әбден үрейін ұшырған көрінеді.

«Мен медбикелерден осы мәселені шешіп беружі өтіндім, себебі тіпті, дәретханаға бару мүмкін болмай қалды. Алайда олар әлі ештеңе істеген жоқ. Мен емдеу мекемесінің басшылығына да жүгіндім, бірақ олар мені тіпті елеген де жоқ», - деп шағымданды Гүлжазира.

Аталған жайтқа қатысты құзырлы органдар еш пікір білдірмеген.

Серіктес жаңалықтары