Ақмола облысында өзен жанынан бөлшектелген адам денесі табылды
Қанды қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды
Ақмола облысында полиция қызметкерлері адам өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, осы жылдың 21 маусымында бөлшектенген адам денесі Атбасар ауданы аумағындағы Жабай өзенінің бөгетінен табылған.
«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесі бойынша бір тәулік ішінде марқұмның жеке басы анықталып, оны өлтірген күдікті ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген ПД хабарламасында.
Полиция қызметкерлері адам өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жарияланбайды.