$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысында қойшының аяқ-қолын байлап, бауыздап өлтірген қылмыскер сотталды

Сот үкімімен ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Атырау облысында қойшының аяқ-қолын байлап, бауыздап өлтірген қылмыскер сотталды
Фото: РИА Новости

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Құлсары қаласының айуандықпен кісі өлтірген тұрғынына қатысты сот үкімін шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот анықтағандай, 25 қаңтарда Жылыой ауданында орналасқан шаруа қожалығында алкогольдік ішімдік ішу кезінде ер адамдар арасында жанжал туындаған. Жанжал кезінде сотталушы көлігінен арқан әкеліп, жәбірленушінің аяқ-қолын байлаған соң пышақ тығып өлтірген.

«Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен және заттай дәлелдемелермен толық дәлелденді», - делінген сот хабарламасында.

Сот жаза тағайындау барысында сотталушының жазасын ауырлататын мән-жайлардың болмағанын және кінәсін мойындап, жасаған қылмысына өкінетінін, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларының бар екенін ескерді.

Сот үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары