Алматыда ер адам 83 жастағы қарияны аңдып жүріп тонап кеткен

Azattyq Rýhy

Күдікті бұған дейін де осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған

Алматыда 83 жастағы қарияны тонап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зейнеткерді тонау оқиғасы қаланың Әуезов ауданында болған.

83 жастағы зейнеткерге тапа-тал түсте 10-шағынаудандағы үйлердің бірінің ауласында шабуыл жасалды. Ер адам қарт кісінің артынан жүгіріп келіп, мойнындағы алтын алқаны жұлып алған.

«Жәбірленуші материалдық шығынды 300 мың теңгеге бағалаған. Ол болған оқиға туралы полицияға хабарлады. Біз арнайы тергеу-жедел тобын құрып, күдіктіні анықталды және қамауға алдық. Ол зейнеткерді аңдып жүріп тонаған екен. Қарақшы оның алқасын Жандосов пен Щепкин көшелерінің қиылысында байқап, содан соң қолайлы сәтті күтіп тұрып шабуылдаған», - деді Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Елнұр Құдретбаев.

Анықталғандай, күдікті - 1990 жылы туған Л. есімді азамат бұған дейін де осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Оның басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.