$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.06.2022, 15:33
Оқиғалар

Шымкентте құс фабрикасы өртенді

Өрттің шығу себептері мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр

Шымкентте құс фабрикасы өртенді

Шымкентте құс фабрикасы өртенді. Өрт 288 шаршы метрге жуық аумақты шарпыған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ОТЫРАР сайтына сілтеме жасап.  

Шымкентте 19 маусымда Қызылжар тұрғын алабындағы құс фабрикасында өрт шықты. Дайын өнімдер, картон қораптар мен науалар сақталған қойма өртенді. Қойманың жалпы ауданы 1701 ш.м. Өрт аумағы 288 шаршы метрді құрады.

Өрт сағат 13:33-те оқшауланып, 15:18-де толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр. 

«Оқиға орнына №2 ТЖК-нің 12 бөлімшесі жұмылдырылды, техникалары мен Шымкент қаласы бойынша ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 65 қызметкері, ОӘК филиалының 1 бригадасы, жергілікті атқарушы органдардың 3 су тасығыштары жұмылдырылды», – деп хабарлады Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті.

Серіктес жаңалықтары