Абай облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қайтыс болды
Тағы екі адам ауруханада жатыр

Абай облысы Көкпекті ауданындағы “Васильев” өткелінде жол талғамайтын көлік аударылып, бір адам қаза тапрты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Semeynews.kz сайтына сілтеме жасап.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 маусымда сағат 15:37 шамасында 45 жастағы жүргізуші басқарған «Mitsubishi Pajero» “Васильев өткелі – Көкпекті” бағытымен келе жатып, Көкпекті ауданында 72/97 шақырымында, жол жағдайына сәйкес қауіпсіз жылдамдықты сақтамай, көлікті басқара алмай, көліктің жол жиегіне аударылуына жол берді. Көліктің ішінде үш жолаушы болған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 41 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. 45 жастағы жүргізуші және кәмелетке толмаған екі жолаушысы (2008 ж.т. және 2010 ж.т.) түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.
“Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады”, – делінген ведомство хабарламасында.