$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды
Фото: sputnik.kz

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды. Салымшыларға оңай олжалы боласыздар деп уәде еткен пирамида Қарағандыдан шыққан. Ұйымдастырушылар инвестиция тарту үшін WhatsApp-та топтар құрған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қылмыстық схема қатысушылардың екі бағыт бойынша қаражатын тартудан тұрды. Біріншісі – жаңа қатысушыларды тарту арқылы салым сомасының 70%-ы көлемінде сыйақы төлеуге уәде беріп, 4 күннен 5 күнге дейінгі мерзімге азаматтардан инвестиция жинақтау. Екіншісі – «Cтандарт», «Vip» және «Premium» деген үш позицияға  азаматтардан инвестиция тарту, 150 000 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейінгі салымдар сомасында қаражат жинақтау»,-деп мәлімдегі ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі. 

Қылмыскер іс жүзінде кәсіпкерлік қызметпен айналыспаған. Салымдар мобильді банкинг арқылы қабылданыпты. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заң бұзған азаматша қаржылық пирамиданы құруына қатысты кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Яғни, алданғандар саны мен қаражат көлемі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары