20.06.2022, 10:28
Оқиғалар
Шардарада көлік сайға құлап, 4 адам қаза тапты
Көлікте болған тағы бір адам аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді
Шардарада жол апатынан 3 жолаушы мен жүргізуші көз жұмды. Ал бір тұрғын аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлеуметтік желіде аталған көлік апаты туралы видео тарады. Онда көліктің қатты жылдамдықпен келіп, сайға құлап түскенін көруге болады.
«Көлік апатының мән-жайы тергеп-тексеру барысында анықталатын болады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен тіркеуге алынды. Сараптама тағайындалды», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)